Ауыл мұғалімдері «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алмақ

1 328

Министр Ғани Бейсембаев ауыл мұғалімдерін «Болашақ» бағдарламасымен оқытатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Ауыл мектептерін жабдықтау мәселесін бірінші кезекке қойып отырмын. Бұл ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді деген ой бар. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдерді де «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік тағылымдамаға жіберу мәселесін қолға аламыз. Биыл бірінші рет пилоттық жоба ретінде Ақтөбе облысындағы ауыл мектептерініңі 10-ға жуық мұғалімін іріктеп алдық. Солармен жұмыс істеп көреміз. Сол мұғалімдерді бірінші лекпен шетелге жібереміз. Ол жайында мәлімет жариялаймыз. Одан жақсы нәтиже шықса, мектеп басшылары да, мұғалімдері де 3-6 айлық тағылымдамаға жіберіліп отырады», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.


Бұған дейін министр мұғалімдерді заңбұзушылықпен қабылдау фактілері ең көп тіркелген аймақтарды атаған болатын.


Мұндай жағдай бойынша Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр.


Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі қулық-сұмдыққа баратынын сөз етті.


Министр оқушылар арасындағы төбелеске пікір білдіріп, бірінші кезекте ата-ана баласының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы керектігін қадап айтты.