Жайлы мектеп: Дәл қазір 217 білім ордасы бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр

2 707

Фото: Ашық дерек көзіҮкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Барлық процесс жобалық басқарудың арнайы ақпараттық жүйесінде бақыланады.

Онда сондай-ақ нақты уақыт режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылауға болады.

Жалпы 2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуі тиіс.

Мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.