Биыл 1-сыныпқа баратын балалардың 70%-ы қазақ тілінде оқытуды таңдаған

1 323

Мектеп табалдырығын аттауға өтініш бергендер қатары 250 мыңға жуықтады. Оқу-ағарту министрлігі биыл балалардың 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алуға ниетті екенін жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі. 


Елімізде 1 сыныпқа қабылдау сәуір айының 1-і мен тамыздың 1-ші жұлдызына дейін жалғасады. Қазірдің өзінде 249 737 өтініш түсіпті. Оның ішінде балалардың 70 пайызы қазақ тілінде оқытуды таңдаған. 


“Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізілуде. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр”, – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев. 


Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. 

Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. 

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.