Елімізде 4 мыңнан астам оқушы Президент шыршасына қатысты

674
Елімізде 4 мыңнан астам оқушы Президент шыршасына қатысты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің бапсасөз қызметі хабарлағандай, мерекелік іс-шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында 25 желтоқсанда өтті.

«Биыл Президент шыршасына республика бойынша қатысқан оқушылар саны 4 мыңнан асады. Іс-шараға оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды», - деді Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейтов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.