"Болашақ" бағдарламасын қандай өзгерістер күтіп тұр?

2 521

Болашақ бағдарламасын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын Bolashaq бағдарламасының әкімшісі Әлия Оспанова мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Біздің бағдарлама медициналық және техникалық кадрларды дайындауға бағытталған. Сонымен қатар өзге де ғылыми бағыттарды қарастырып жатыр. Ғылыми 500 тағылымдаманы іске асырды. Қазіргі таңда 700-ден астам ғалымымыз әлемнің ең алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарына барып, тәжірибе алмасып келді. Бұл жұмыстардың нәтижесін алдағы уақытта көреміз деп ойлаймын, - дейді Әлия Оспанова.


Оспанова "Болашақ бағдарламасында түлектер саны қысқаруы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді.


"Бағдарламадағы бүкіл өзгерістер Ұлттық комиссияның шешімі арқылы қабылданады. Жыл сайын түлектер санына байланысты біз көбейтуге немесе азайтуға ұсыныс береміз," - дейді ол.

Бұған дейін Оспанова бағдарлама бойынша елге оралмаған 270 түлектің берешегі қанша екенін айтқан еді. Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" түлектерін құттықтады.   

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.