"Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейді" - министрлік ақпаратқа қатысты пікір білдірді

1 591

Әлеуметтік желілерде биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 


Жазбада Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгені айтылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.


Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиісті өзгерістер қаулыға енгізілмеген.


"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", - деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.