Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника жарысына қатысты

2 032
Қазақстандық оқушылар Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы №81 мамандандырылған мектеп оқушылары іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды.

- Finalist Alliance Captain Award - финалдық матчтар барысында Альянсты басқарғаны үшін арнайы марапат;
- Innovate award - Робот жасаудағы инновациялық тәсіл үшін ең жоғары инженерлік марапат;
- Rookie Inspiration - жаңадан келген командаға берілетін ең жоғары марапат.

Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады, – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.