Мектеп оқушысы адамдарды өрттен құтқаратын робот ойлап тапты

1 939
Тараздық оқушы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жас өнертапқыш Вячеслав Кузьмин қаладағы №7 мектеп-гимназиясының 9 сыныбында оқиды, ал техникалық-шығармашылық орталықта қосымша білім алады.

9-сынып оқушысы төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған. Оған «Темір-Батыр» деп ат қойған. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп табады.

Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қайдан шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Қысым сұйықтықты 5 метр қашықтыққа шаша алады, – дейді оқушы.

Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментіне апарып көрсетпекші. Патент алып, роботты тағы да жетілдіруді жоспарлап отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.