Қазақстанда 35 мың шетелдік студент білім алып жатыр

2 519

Фото: unsplashҚазақстанда 88 елден келген 35 мыңнан астам шетелдік студент жоғары білім алып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, шетелдік студенттердің негізгі легі Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресейден келген.

Қазақстан халықаралық білім беру саласын белсенді дамытып, шетелдік университеттермен әріптестікті күшейтіп отыр. Үкіметтің негізгі мақсаттарының бірі – 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 150 мыңға дейін жеткізу. Бұл бағыттағы саясат Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі аймақтық білім беру саласына айналдыруды көздейді, - дейді министрлік.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.