Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептерде жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр

1 577

Фото: olympic.kzҚазақстанда балалардың суға бату жағдайлары мен су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мектеп бағдарламасына жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин атап өткендей, бұл бастаманы еліміздің Су спорты федерациясы толық қолдап отыр. Оның айтуынша, жүзуді ерте жастан үйрету – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2024 жылы 236 мыңнан астам адам суға кетіп көз жұмған. Соның 82 мыңы – балалар. Осы себепті Қазақстанда жүзуді тек спорт түрі ретінде емес, денсаулықты нығайту және қауіптің алдын алу құралы ретінде дамыту көзделуде.

Жоба 2026 жылдан бастап Алматы мен Астана қалаларында пилоттық режимде іске қосылады. Тиімділігі дәлелденсе, бағдарлама кейін барлық өңірлердегі мектептерде енгізілмек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.