Наурыз ҰБТ-сы: Алматы облысында 11-сынып оқушысы ең жоғары 140 балды жинады

2 180

Фото: Алматы облысының әкімдігіАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Толқын орта мектебінің 11-сынып оқушысы Санжар Қуандық наурыз айындағы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинап, үздік нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі екенін атап өткен.

"Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол", - деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Толқын орта мектебінің ұжымы мен түлектің ата-аналары бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.