Мектеп директоры 100 күнде 100 өлең жаттап, көлік ұтып алды

2 503

Фото: Видеодан скринАстаналық мектеп директоры "100 күнде 100 өлең" республикалық байқауында топ жарып, автокөлік ұтып алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, "100 күнде 100 өлең" республикалық байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам қатысқан.

Жүз күнге созылған шығармашылық сайыста қатысушылар қазақ поэзиясының туындыларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытқан.

Байқауда Астана қаласының атынан бақ сынаған №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде 100 өлең жаттап, байқаудың бас жүлдесіне тігілген автокөлікті ұтып алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.