Мектеп директоры 100 күнде 100 өлең жаттап, көлік ұтып алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астаналық мектеп директоры "100 күнде 100 өлең" республикалық байқауында топ жарып, автокөлік ұтып алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, "100 күнде 100 өлең" республикалық байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам қатысқан.
Жүз күнге созылған шығармашылық сайыста қатысушылар қазақ поэзиясының туындыларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытқан.
Байқауда Астана қаласының атынан бақ сынаған №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде 100 өлең жаттап, байқаудың бас жүлдесіне тігілген автокөлікті ұтып алды.
Қаз
Рус






