Ысталған балықтан уланып, екі апта жансақтау бөлімінде жатқан 9 жастағы бала көз жұмды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтауда осыдан екі апта бұрын бір отбасының 4 адамы үйде ысталған балықтан уланып ауруханаға түскен еді. Десе де дәрігерлер ауыр жағдайда түскен 9 жастағы баланың өмірін сақтап қала алмады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бала үйде ысталған балық жеген соң, үш ересек адаммен бірге жансақтау бөліміне түскен. Қыркүйек айының ортасында отбасының төрт мүшесінен ауыр ботулизм белгілері байқалған. Науқастар жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, оларға ботулизмге қарсы сарысу енгізілген. Ол кезде баланың жағдайы ауыр болған. Оның жағдайы жақсармаған соң, туыстары елордадағы мамандардан көмек сұрап, көпшілікке үндеу жасаған.
Осыдан кейін Ақтауға реаниматолог, инфекционист және невролог жіберілген. Алайда дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.
Баланың әкесі де уланғандардың қатарында болған. Туыстарының айтуынша, қазір оның жағдайы тұрақты. Тағы екі ересек адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Баланың өлімінің нақты себебі әзірге ресми түрде айтылған жоқ. Туыстарының сөзінше, баланың улануына үйде ысталған балықты жеуі себеп болған.
Қаз
Рус






