Мұғалімдер аттестаттаудан босатыла ма? – Аймағамбетов жауап берді

359
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды аттестаттаудан өткізуді алып тастау туралы ұсынысқа пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке  тестілеу кезінде мұғалімнің қайтыс болу оқиғасынан соң ұстаздардың тапсыратын біліктілік тестерін алып тастау туралы сұрақ қойды.

«Аттестация рәсімін алып тастау – ең көп түсетін ұсыныстардың бірі. Оны мен жасыра алмаймын. Мұның алдында 2018 жылдан бастап аттестация енгізілді. Мен осы тестілеуді алып тастаймыз десем, бәрі бөріктерін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ, бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Ең қажеті – білім беру сапасы», – деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, ол қандай да бір шешім қабылдағанда ең әуелі жекелеген топтарға емес, жалпы халыққа пайдалы жағын негізге алатынын түсіндірді.

«Бізде ең басты мәселе – жақсы білім алу мәселесі. Сондықтан, біз шешімдерді біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешім қабылдаймыз. Бұл өте маңызды мәселе. Осыған назар аударыңыздар», – деді Асхат Аймағамбетов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.