«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тізімді акционерлік қоғамның ресми сайтынан көруге болады.
Осыған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткенін хабарладық.
Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады.
Қаз
Рус






