Елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі
544
Қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары цифрлық сауаттылық бойынша оқытылады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап, үшінші тоқсанда оқу бағдарламасына алғаш рет "Цифрлық сауаттылық" пәні енгізіледі. Бұған дейін оқушылар үшінші сыныптан бастап "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқыған болатын.
"Оқу бағдарламасы сұраныс пен уақыт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бүгінгі таңда цифрлық әлемнің қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазір смартфондар мен компьютерлерді мектепке дейінгі кіші жастағы балалар пайдаланып жатады. Цифрлық сауаттылық – оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне мүмкіндігінше ертерек үйрету маңызды. Әлбетте, жаңа пәнді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктері де ескерілетін болады", – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.