Жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі
Қазақстанда субсидияларды жымқыру фактілерінен кейін жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Білім министрлігі енді жеке мектептерге лицензия тек оқушы орындары жетіспейтін өңірлерде ғана береді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Білім және ғылым министрі Жұлдыз Сүлейменова болашақта жеке мектептер тек нақты қажеттілік бар өңірлерде ғана ашылатынын айтты. Лицензиялар тек үш ауысымды мектептерді, апатты жағдайдағы мектептерді алмастыру қажет болған жағдайда және мемлекеттік мектептері жетіспейтін өңірлерде беріледі.
Сондай-ақ заңнама аясында жеке мектептердің құрылтайшыларына қойылатын талаптар да күшейтіледі.
Ведомство мәліметінше, қазір Қазақстанда лицензиясы бар 890 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Үкімет жаңа ашылатын жеке мектептерде мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізуді жоспарлап отыр.







