Жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі

2 541

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: yandex.com/Kanat NurpeisҚазақстанда субсидияларды жымқыру фактілерінен кейін жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Білім министрлігі енді жеке мектептерге лицензия тек оқушы орындары жетіспейтін өңірлерде ғана береді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Білім және ғылым министрі Жұлдыз Сүлейменова болашақта жеке мектептер тек нақты қажеттілік бар өңірлерде ғана ашылатынын айтты. Лицензиялар тек үш ауысымды мектептерді, апатты жағдайдағы мектептерді алмастыру қажет болған жағдайда және мемлекеттік мектептері жетіспейтін өңірлерде беріледі.

Сондай-ақ заңнама аясында жеке мектептердің құрылтайшыларына қойылатын талаптар да күшейтіледі.

“Олар білім сапасы, мұғалімдердің біліктілік деңгейі және оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты болады. Сондай-ақ мектеп директорларын тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Болашақта тағайындау туралы шешімдер тек құрылтайшылардың қарауына ғана емес, салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріле отырып қабылданады”, — деп мәлімдеді министрлік.

Ведомство мәліметінше, қазір Қазақстанда лицензиясы бар 890 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Үкімет жаңа ашылатын жеке мектептерде мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізуді жоспарлап отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.