Елімізде электронды кітапхананы пайдаланушылар саны артты

2 533

Фото: ©Александр ПавскийҰлттық электронды кітапхананы 227 мыңнан астам оқырман пайдаланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

 Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны жыл басынан бері 227 446 оқырманға жеткен. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар көрсеткіші 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеген. Ұлттық электронды кітапхананы әлемнің әртүрлі елдеріндегі пайдаланушылар да қолданған. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан мемлекеттерінен тіркелген оқырмандар бар. 

Ведомствоның мәліметінше, кітапхана қоры 64 тілдегі 84 664 құжатты құрайды. Оның ішінде түрлі бағыттағы кітаптар, мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, нота және аудио-видеолар мен архивтік құжаттар жинақталған. ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапхана порталы. Порталдың ерекшелігі – көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделіп жасалынбақ. Кез келген пайдаланушы порталға тіркелусіз толық мәтінді құжаттармен таныса алады. Кітапханаларға келушілер саны 57 млн-ға жеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.