1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде оқушылар мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандырылады

2 720

turaninfo.kz/Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде оқушылар тегін және жеңілдікпен тамақтандырылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Үкімет хабарламасында елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру 2023 жылдың соңынан бері пилоттық режимде іске асырылып жатқаны жазылған.


Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылып, 30 мың рецепт іске асырылған. Мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға – 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылған.


"Әлеуметтік әмиянды" әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.


"Әлеуметтік әмиян" азаматтардың EGOV қосымшасында мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдау құралдары мен шараларын жинақтау арқылы азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған. Аталған жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеулердің мүмкіндігін шектейді. Жыл соңына дейін аталған өнім еліміздің барлық азаматтарына ыстық тамақ пен дәрі-дәрмек бойынша қолжетімді болады деп жоспарланып отыр", — деді BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев.