Елімізде диплом мен аттестат QR-код арқылы берілетін болды

338
Оқу-ағарту министрі үкімет отырысында диплом мен аттестат QR-код арқылы берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингілеу цифрлы форматқа көшіріледі. Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі. Әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы қалыптасады.

Осы ретте, министр ең қажет деген қызметтер толығымен eGov пен ірі банктердің мобильді қосымшаларында қамтылатынын айтты.


Қазір елімізде балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп, ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері де түбегейлі өзгерді. Сонымен бірге мектептерге арналған жаңа мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары дайындалып жатыр, –  деді министр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.