"Екеуі де сағатқа таласып, жалақы үшін жүр" - педагог ауыл мен қала мұғалімін салыстырды

2 505

Фото: Opennews.kz ЖИПедагог-тренер Ескендір Бестай мұғалімнің өзгелерге қолдау көрсететін маман бола тұра, өзі қолдауға мұқтаж болып қалғанын айтты. Оның пікірінше, ауыл мектептері білім беру жүйесіндегі шынайы жағдайды айқын көрсетеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, өзгелердің күйіп кетуіне жол бермей, керісінше қолдау көрсетуі тиіс мұғалімнің өзі қолдауға мұқтаж болып қалған.

Мені мына бір дүние қатты таңғалдырды: басқалардың күймеуіне себепші болуы керек мұғалім – ең күйініш болып қалған. Яғни керісінше қолдауға зәру болып қалған. Менің ойымша, бұл жақсы емес. Өте көп зерттеу бар. Адамның өркендеуіне, ісінен мән жоғалтпауына әсер ететін дүние – ол биік мақсат. Ол ауылмен байланысты бола ма, қаламен байланысты бола ма – маңызды емес, – деді Ескендір Бестай.

Педагог-тренер қала мен ауыл мұғалімдерінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін атап өтті.

Қаланың кейбір директорларын көрдік. Ол директордың қасында жұмыс істегеннен кейін, ауыл жақсы ма деп ойлайсың. Кеше ғана ауылда болдым, ауыл мектептерін көрдім. Сол кезде менде бір сұрақ туындады. Қала мұғалімі мен ауыл мұғалімінде аса айырмашылық жоқ сияқты. Екеуі де сағатқа таласып жүр, екеуі де жалақы үшін жұмыс істеп жүр. Айырмашылық неде? – деді Ескендір Бестай Bilim Group компаниясының MUGALIM әлеуметтік жобасының таныстырылымында.

Оның пікірінше, ауыл мектебі білім беру жүйесінің шынайы көрінісін көрсетеді.

Менің ойымша, қалада белгілі бір бақылау болғаннан кейін қаланың мұғалімдері көзбояушылықты жақсы жасап үйреніп алған сияқты. Яғни бұл жерде ауыл нашар деп айту қате. Ауыл – біздің шынайы білім беру жүйесінің немесе шынайы мұғалімдердің айнасы деп айтқан дұрысырақ сияқты. Себебі оларда бақылау, қадағалау жоқ болғаннан соң, шынайы көріністі ауылдан ғана көре аламыз, – деді педагог-тренер.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.