Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті білім алуда

1 383

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда білім алатын ауғанстандық студенттердің санын көбейтуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазақстан ауған студенттерін оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын. Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөледі», - деді С. Жұманғарин.



Оның айтуынша, Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқып жатыр.


«Қазақстан ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау көрсете отырып, Ауғанстан үшін гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек», - деді министр.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи Қазақстанның гуманитарлық көмегіне алғыс айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.