Қазақстан құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатында 7 «Үздік медальон» жеңіп алды

2 254

Фото: Оқу-ағарту министрлігіҚазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатында – EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Чемпионатқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 үздік жас маман қатысты. Қазақстандық колледж студенттері 25 құзырет бойынша бақ сынады. Олардың қатарында веб-технологиялар, мехатроника, CAD инженерлік графикасы, желілік әкімшілендіру, графикалық дизайн, дәнекерлеу технологиясы, мейрамхана сервисі, кондитерлік іс, автомеханика және басқа да бағыттар бар.

Жарыс қорытындысы бойынша, ұлттық құрама төмендегі құзыреттер бойынша жоғары нәтиже көрсетті:

Веб-технологиялар – Мұхаметжан Ағыбай (Астана қ., ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі). Сонымен қатар Қазақстанның Best of Nation – «Үздік өкілі» атанды.

Мехатроника (топтық жұмыс) – Артем Мочинский (ШҚО, Өскемен жоғары политехникалық колледжі) және Данил Турапин (Астана қ., Жоғары политехникалық колледж).

Графикалық дизайн – Бағыжан Қойшыбаев (Ақтөбе қ., Жоғары политехникалық колледж).

Желілік және жүйелік әкімшілендіру (топтық жұмыс) – Данил Лапенко (Астана қ., Жоғары политехникалық колледж түлегі) және Глеб Сауленко (Қостанай обл., Автомобиль көлігі колледжінің түлегі).

CAD инженерлік дизайн – Бақдаулет Қуаныш (Атырау обл., С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледж).

Ұлттық құраманы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жеңісімен құттықтады.

«Бұл жетістік техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Жұмысшы мамандықтары жылы біз қазақстандық колледждердің заманауи кадр даярлау орталықтарына айналып келе жатқанын, ал студенттеріміздің халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін көріп отырмыз. Студенттерді, педагогтерді, сарапшылар мен тәлімгерлерді тарихи жеңіспен құттықтаймын», – деді министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.