Аттестациядан өтпеген мұғалімдерді жұмыстан шығара ма: Министрлік пікір білдірді

555
Қазақстанда жаңа ереже бойынша аттестациядан өтпеген мұғалімдерді жұмыстан шығармайды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова мәлімдеді.

Аттестация ережесі бойынша, педагогикалық шеберлікттің төрт санаты -модератор, сарапшы, зерттеуші немесе шебер бойынша тестілеуден өтіп, эссе жазу керек. Педагог төрт санаттың біреуін растаса, соған қарай қызметтік жалақысына 30-50 пайыздық үстемеақы алады.

Каринованың айтуынша, аттестация педагогтерді жұмыстан шығару процедурасы емес, бұл - олардың ынталандыру механизмі.

"Аттестация педагогтердің біліктілігін және жалақысын көтеру мақсатында өткізіліп тұрады. Жаңа ережеге сәйкес, педагог қызметтік жалақысына 30-50 пайыздық үстемеақы алады. Қазіргі аттестацияны 2018 жылғымен салыстырсақ, дәл осы үстемеақылар жағынан үлкен айырмашылық бар", – дейді білім және ғылым вице-министрі.

Осы орайда Каринова нақты мысалды да келтірді. Мысалы, педагогтың жалақысы 100 мың теңге болса, аттестациядан кейін тағы 50 мың теңгелік үстемеақы алу мүмкіндігі бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.