RUB (0.00) 6.02 KZT
USD (0.00) 460.79 KZT
EUR (0.00) 490.51 KZT
Білім
335

Қазақ профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың бірі атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің  профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырған. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады.

Сәрсенбек Монтаев кейінгі жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы қызметін атқарады.