Ұстаздар арасында семинар өтті

297

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін білімді ұрпақ болуы шарт. Ол үшін бар ғұмырын жауапкершілігі мықты салаға арнаған білікті ұстаздарымызға артылар жүк ауыр болмақ. Бұл бағытта ұстаздардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруі, білім беру жүйесінің озық тәжірибелерін жетік меңгеруі аса маңызды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, мұғалімдердің білімі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында 30 қараша күні Жалағаш ауданындағы Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.


Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқыту мен оқу үдерісінде қалыптастырушы мақсатты бағалау критерилері мен дискрипторларды қолдану арқылы өзара тәжірибе алмасу.


Бағалаудың тиімді түрлерін көрсету барысында тәжірибе бөлісуге арналған семинарға аудандық білім бөлімнің әдіскері Лиза Қанатбаева мен аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары қатысты.


Ең әуелі қонақтарға мектеп мұражайы таныстырылды. Сонан соң домбыра үйірмесінің жұмысы көрсетілді. «Жасыл мектеп» жобасы аясында ашылған бұрышпен және қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдерінің жасаған әдістемелік көрмесі таныстырылды.


Топ-топқа бөлінген ұстаздар коучингтер мен ашық сабақтарға қатысты. Әрбір сабақтарда қолданылған жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жайында ойларымен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін арттырды.