Ата-аналар мектептердің заңсыз талабына қарсы шықты

2 500

Фото: stan.kzЕліміздегі кейбір мектептерде оқушыларға құлақ ашық болу керек, шаш үлгісінің қатаң талапқа сай және шаш белгілі бір ұзындықтан аспау керек деген талаптар қойылып жатыр. Ал басқа білім беру ұйымдарында киімнің нақты түсін талап етеді. Талапқа бағынбағандарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Шашты бояуға, құлақтың ашық болуы, маникюр мен макияжға тыйым салынып жатыр. Оқу жылы басталар алдында кейбір ата-аналардың чаттарына оқушыларға арналған ескертпелер таратылып, осындай талаптар қойылған. Алайда жекелеген білім беру ұйымдарында бұл ережелер бұған дейін де енгізіле бастаған.

Қазақстандағы педагогтер қауымдастығы блогының әкімшісі Елена Бантикованың айтуынша, мектептердің өз бетінше ақылға сыймайтын талаптар енгізіп жатқанына қатысты шағым көптеп түскен.

“Мысалы, қыздар ұзын әрі жоғары етіп жиналған шаш үлгісімен келеді. Шаштарын қыстырғышпен жинап қоюы мүмкін. Бірақ мектепте міндетті түрде екі бұрым етіп өруді талап етеді. Күннің басында сынып жетекшісі немесе басқа қыздар олардың шашын өреді. Нәтижесінде қалай болса солай болып шығады, бірақ ең бастысы – талапқа сай болуы керек. Ал министрдің бұйрығында мұндай талап жоқ. Яғни, бұл балалардың құқығын бұзу”, – дейді Елена Бантикова.

Қоғам белсендісінің айтуынша, басқа мектептерде оқушылардан белгілі бір түстегі мектеп формасын кию талап етіледі. Кейде тіпті киімдегі түймелердің нақты үлгісіне дейін көрсетіледі.

Ал мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған ата-аналарға айыппұл салынатыны ескертілді. Алғашқы жағдайда айыппұл көлемі – 20 мың теңге. Талапты қайталап бұзған жағдайда ата-ана бұдан төрт есе көп айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабына қатысты болып отыр.Алайда заңгерлердің айтуынша, оқушылар киімінің түсіне қатысты нақты талап заңнамада жоқ.

“Сыртқы киімге қатысты талаптар бар. Қыздар үшін – жилет, пиджак, тобықтан төмен түсетін шалбар және белдемше. Ұлдар үшін – пиджак пен шалбар. Бірақ киімнің түсіне қатысты талап жоқ. Адамды жауапкершілікке тарту үшін баланың сыртқы келбеті арқылы білім беру жүйесіне қандай да бір зиян келтірілгенін дәлелдеу қажет”, – дейді адвокат Вадим Курамшин.

Ал сарапшылар оқушылардың сыртқы келбетін осыншалықты егжей-тегжейлі реттеудің қаншалықты қажеті барын түсінбейді. Тәжірибелі педагогтердің пікірінше, мұндай талаптардың да шегі болу керек.

“Шаштың ұзындығын немесе қыз баланың қандай шаш үлгісімен жүруі керектігін көрсету дұрыс емес. Балалар мектепте тек білім алып, дағдыларды меңгеріп қана қоймайды. Олар әдемі болуды, шығармашылықпен айналысуды да үйренеді”, – дейді VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Ал Оқу-ағарту министрлігі жоғарыда аталған талаптардың барлығына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Министрліктің айтуынша, ескертпелер мен онда көрсетілген ережелерді әр мектеп өз бетінше белгілейді.

Алайда бұл талаптар қамқоршылық кеңестерімен, ата-аналар комитеттерімен және мектептің өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп бекітілуі тиіс. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.