Қазақстанда ғылымға бет бұрған жастар саны артты
304
2018 жылы ғалымдар саны 8 000-нан астам болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласында 9 200 жас қызметкер еңбек етеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ғылым саласына жас мамандарды тарту үшін Білім және ғылым министрлігі ауқымды жұмыс атқарды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғылыми қызметкері Руслан Әбітаев - отандық «QazVac» вакцинасын әзірлеуге қатысқан жас ғалымдардың бірі. Ол бақылау, биологиялық технологиялар зертханасында жұмыс істейді және вакциналардың қауіпсіздігі мен иммуногенділігін тексереді. Руслан 28 жаста және ол жас ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың айтарлықтай артқанын атап өтті.
Ғылым саласына жас мамандарды тарту үшін Білім және ғылым министрлігі ауқымды жұмыс атқарды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Жастардың ғылым саласына келуі оларды қызықтыратын жағдай жасалып жатқанын білдіреді. Жас зерттеушілерді қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында ғалымдар саны артты. Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда 2 есеге жуық өсті. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Егер бұрын гранттар конкурсы 3-5 жылда бір рет өткізілетін болса, қазір олар жыл сайын өткізіледі. Есеп беру азайды, бюрократиялық кедергілер жойылды. Жас ғалымдар үшін жеке гранттар қарастырылған. Магистранттар мен докторанттардың стипендиялары айтарлықтай өсті. Жас зерттеушілерге арнайы сыйлықтар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Осылайша, жас ғалымдардың ғылыми идеялары мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғылыми қызметкері Руслан Әбітаев - отандық «QazVac» вакцинасын әзірлеуге қатысқан жас ғалымдардың бірі. Ол бақылау, биологиялық технологиялар зертханасында жұмыс істейді және вакциналардың қауіпсіздігі мен иммуногенділігін тексереді. Руслан 28 жаста және ол жас ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың айтарлықтай артқанын атап өтті.
«Анам – мұғалім, мектепте биологиядан сабақ береді. Ол әрдайым ғылым туралы қызығушылықпен айтатын, мені зертханаға ертіп апарып, микроскоптарды көрсетті. Бұл бағыт маған өте қызық болды. 9-сыныпта биологиялық қауіпсіздік мәселелері институты туралы естідім. Сол кезде мен ғылыммен айналысып, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылым зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) жұмыс істейтін боламын деп шештім. ҚазҰУ-да оқып жүрген кезімде жыл сайын институтта зерттеу тәжірибесінен өттім, ал ЖОО-ны бітіргеннен кейін мені осында жұмысқа қабылдады. Мен жас ғалым ретінде мемлекеттің бізді қолдйтынын көріп отырмын. Бес жыл бұрын қызмет жолын БҚПҒЗИ-да зертханашы ретінде бастаған едім, қазір ғылыми қызметкермін, осы уақыт ішінде жалақым айтарлықтай өсті. Халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталған биофармацевтикалық зауыт салынғанын білесіздер. Сонымен қатар институттың жас қызметкері ретінде мен жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін алдым. Біздің елімізде ғылыми қызметпен айналысу үшін өте жақсы жағдайлар жасалып жатыр, сондықтан да қазір біздің қатарымыздың айтарлықтай көбейіп жатқанына қуаныштымын», – деп атап өтті ғалым Руслан Әбітаев.