Қызылордада жеке мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылуы мүмкін

588
Қызылордада жеке мектеп асханаларында тегін ыстық тамақ ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов БАҚ өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді.

Жеке мектепте оқитын бастауыш сынып оқушылары да біздің балалар. Оларды ыстық тамақпен қамту және міндетті оқу орындарына көмекті тегін көрсету мәселелері министрлік жанынан құрылған қаржы орталығына ұсыныс берілді. Алдағы уақытта жеке мектепте білім алатын бастауыш сынып оқушылары да ыстық тамақпен қамтылуы мүмкін, - деді Бағдат Бердаулетов.

Оның айтуынша, міндетті оқу орындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешек, кеңсе тауарларын алып беру мәселесі де министрлік алдына қойылған.  

Биыл облыстағы білім саласына 257 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Өткен жылғы бюджетпен салыстырғанда 49 млрд теңгеге көбейіп отыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.