Сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін

2 626

Фото: primeminister.kzМектептердегі сынып жетекшілерінің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін. Бұған қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Сынып жетекшілерінің үстемақысы – бұл қаржылық мәселе. Сондықтан талқылауда. Бұл тек министрліктің құзырында емес. Экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған мүдделі мемлекеттік органдардың араласуымен шешіледі. Біз өз тарапымыздан барлық есептеулерді болдық. Осы жолы болмауы мүмкін. Келесі жылы ықтимал», - дейді Ғани Бейсембаев.


Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны көтеру керектігін айтқан. Оның айтуынша, бүгінде аталмыш қызмет үшін 8 мың теңге төленетін болса,оны 30 мыңға дейін жеткізу керек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.