Елімізде жасанды интеллект институты ашылмақ

2 628

Фото:pixabay.comЖасанды интеллекттің теріс әсерін болдырмау мақсатында жаңа регламенттер мен әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, бұл қадам технологияның қауіпсіз әрі жауапты қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

" Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында арнайы даярлық курстары ұйымдастырылып жатыр. Бүгінде 160 мыңға жуық педагог оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті (2024 жылы – 90 мыңға жуық, 2025 жылы – 70 мың). Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2025 жылдың қаңтар айынан еліміздің 180 мектебінде орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін бағдарламалау негіздерін оқыту курсы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізіп жатыр. Пилоттық мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен бағдарламалау негіздері бойынша курстар енгізілді", - деді Үкімет басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.