Елімізде Француз азаматтық авиация университетінің филиалы ашылмақ

2 542

Фото: UzAҚазақстанда Француз азаматтық авиация университетінің филиалы ашылуы мүмкін Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабындай айтылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Азаматтық авиация академиясы» АҚ түлектердің білім сапасына және оқу процесін заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге назар аудара отырып, авиация саласына біліктілігі кадрларды дайындауды маңызды рөл атқарады. Айталық, 2023 жылы шетелдік серіктестермен, оның ішінде «Baltic Aviation Academy Training» компаниясымен ынтымақтаса отырып, әуе кемелерінің ұшқыштары мен инженерлерін дайынду үшін Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің сертификатын алуды жоспарлап отыр. Француз азаматтық авиация университеті филиалын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Үкімет басшысы жауабында.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта тиісті меморандум жобасы дайындалуда.


«Академияның әскери ұшқыштары мен инженерлерін қолдану үшін бұл бағытта Қорғаныс министрлігімен бірге жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Академия базасында «Авиациялық зерттеу» ғылыми-зерттеу институтын құру жоспарланған. Ол салалық, іргелік және ғылыми зерттеулерді шешетін болады», - деді Олжас Бектенов.


Айта кетейік, ENAC Ұлттық азаматтық авиация мектебі (Француз азаматтық авиация университеті) - Француз жоғары авиациялық инженерлерді даярлау оқу орны. ENAC бүгінде Еуропадағы және бүкіл әлемдегі аэронавтика саласындағы негізгі көшбасшы әрі инженерия, ұшқыштық, аэронавигация салаларында мамандарды даярлау бойынша үздік оқу орталығы саналады.