Жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылардың қашықтан білім алатыны рас па

368
Әлеуметтік желілерде қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Ведомстоның мәліметінше, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады деген ақпарат таратқан.


 Ал мұндай мәлімдемені Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында жасаған мыс. 


Алайда министрлік Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасамағанын мәлім етті.


 БҒМ ақпаратынша, оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.