Мектепте өрт қауіпсіздігі сақталған ба?

826


Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицейінде өрт сөндіру оқу-тактикасы жүргізілді деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Өрт сөндіру   қызметкерлері №282 мектеп-лицейінде өрт сөндіру оқу-тактикасын өткізді. Тәжірибе барысында білім ордасынан, оқушылар мен   мектеп қызметкерлері толық шығарылып, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, оқыс оқиға дерегі  тіркелмеу үшін өрт сөндіру қызметкерлерінен бөлек, жедел жәрдем қызметкерлері де сақадай сай тұрды. 

Қызылорда облысы Төтенше департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі  Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы: “Қызылорда қаласында орналасқан №282 мектеп-лицейінде  өрт сөндіру оқу-тактикасы жүргізілді. Оқу жаттығуларының жүргізілу себебі: 8 ай қорытындысы бойынша 1250 шығыс дерегі тіркеліп отыр. Атап айтқанда, облыс бойынша  өртке қатысты   247, өртке жатпайтын 990, авариялық   құтқару жұмыстары  бойынша  18 дерек тіркелген. Шығыстардың барлығына облыс горнизоны үнемі дайындықта болу үшін   арнайы нысандарда оқу жаттығулары жасалынып тұрады. Өткізіліп жатқан  оқу жаттығулары арқылы нысан қызметкерлерінің  қаншалықты дайындықта  екенін аңғара аламыз. Сонымен қатар, нысанның су көздерін  арнайы зерделеу жұмыстары да  жүргізілді. Осы іс-қимылды шындау мақсатында 32 нысанға ортақ тактикалық,  атап айтқанда білім салалары мен сауда орталықтарына  арнайы жұмыстар жүргізілсе, 69 нысанға өрт тактикалық сабағы өткізілді. Өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында әр жыл сайын бекітілген кесте бойынша оқу жаттығулары уақытылы жүргізіліп тұрады”-деді.
Оқу-жаттығу барысында, өрт сөндіру қызметкерлерінің шапшандылығы арқылы, өрт орнында қалған адамды қысқа жолмен тез шығарып алу жұмыстары жүргізілді. Білім ордасы өрт сөндіру қызметтерінің барлық талаптарына сай болып шықты. Барлық қабат өртке қарсы құрылғылармен  жабдықталған.  Оқушылар   эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді.
 
журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ