Зейнеткерлерге арналған университет ашылмақ
550
Қазақстандық жоғары оқу орындары базасында зейнет жасына тақаған және зейнеттегі кісілерге қолдау көрсету, қаржылық сауаттылығын арттыру үшін «Күміс университет» орталығы іске қосылмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысының айтуынша, аталған жоба пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды.
Саясат Нұрбектің айтуынша, аталған бастаманы барлық ректор қолдап отыр.
Еске салайық, таяуда ғана «Күміс жас» жобасы аясында 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылатыны туралы жазған едік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі аталған жобаға қатысушылар аясының кеңейтілгенін айтқан болатын.
Қазір отандық ЖОО арасында «Күміс университет» деген жоба бар. Аталған жоба былтыр Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде пилоттық режимде іске қосылған еді. Демек, университет қабырғасында зейнет жасына таяған және зейнет жасындағы кісілерге арналған орталық ашылды. Ол жерде өмірде түрлі жайттарға тап болған егде жастағы азаматтарға көмек, қолдау ұсынылады, - деді Саясат Нұрбек елордада өткен электрондық коммерция мектебінің жұмыс қорытындысына арналған шара барысында.
Ведомство басшысының айтуынша, аталған жоба пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды.
Биыл 70 жоғары оқу орнының базасында «Күміс университет» орталығы ашылады. Осы күнге дейін 2 мыңдай адам орталық курсынан өтті. Аталған іс-шара университеттердің үшінші миссиясы болып саналады. ЖОО-ның алғашқы миссиясы – білім беру, екінші – ғылым және соңғысы – өңірдің әлеуметтік дамуына үлесі қосу, - дейді министр.