Жұқпалы аурулардың таралуына байланысты 169 сынып онлайн оқытуға көшті

2 546

Фото: tvnauka.onlineШығыс Қазақстан облысында жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты бірқатар мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, өңірдегі 23 мектептің 169 сыныбындағы 3015 оқушы уақытша онлайн оқып жатыр. Оның ішінде 1697 оқушы – бастауыш сыныптағылар.

Қашықтан оқуға Өскемен қаласының 18 мектебі, Күршім ауданының 3 мектебі және Ұлан ауданындағы 2 мектеп көшірілген.

Басқарма онлайн форматқа көшу тәртібін түсіндірді:
— Егер сынып оқушыларының 30%-дан астамы медициналық анықтамамен расталған себепке байланысты сабаққа қатыспаса, сынып уақытша онлайн оқуға ауыстырылады.

Ведомство өкілдері білім беру процесі толық көлемде жалғасып жатқанын, сабақты қашықтан оқыту талаптары бойынша өткізу қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін өңірлік білім басқармасы сыныптарды онлайн форматқа көшіру ережесін түсіндірген болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.