Алматыда бірнеше ғылыми қызметкерді жұмыстан шығарып жатыр — министрлік жауап берді

2 179

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / KazinformАлматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі мен бірнеше қызметкерімен еңбек шарты бұзылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Істің мән-жайын Ғылым және жоғары білім министрлігі түсіндірді. Биыл 3 наурызда В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтында ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында кадр құрамын жаңарту және ғылыми құрылымдардағы сабақтастықты күшейтуге қатысты ұсынымдарды көздейтін бұйрық шықты. Құжатқа сәйкес, зейнет жасына жеткен зертхана басшыларына зертхананы басқаруға үміткер ғалымдар туралы ұсыныс беру тапсырылды. Сондай-ақ, ғылыми семинарлар өткізу, ғылыми-ұйымдастырушылық іс-шараларға қатысу және еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Аталған бұйрық аясында Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлерімен институтішілік кездесу ұйымдастырылды. Бұл зертхананы 1974 жылдан бері басқарған Виктор Германович Тейфель қазір 92 жаста. Ең жас ғылыми қызметкердің жасы — 76. Тейфель В.Г. денсаулығының нашарлауына байланысты көру қабілетінен айырылып, өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайға жеткен.


"Өкінішке қарай, зертхана құрамында жастардың болмауы соңғы 20 жылда жалғасып келе жатқан түйткілге айналды. Бұл — зертханада ғылыми сабақтастық мүлдем жоғалғанын көрсетеді. Институттың өзге зертханаларында, мысалы жұлдыздық астрономия, спектроскопия және радиоастрономия бағыттарында жас мамандар мен магистранттар есебінен кадрлық құрам жүйелі түрде жаңартылып жатқанда, Тейфель зертханасында мұндай үдеріс мүлдем байқалмайды.", — делінген ведомство мәліметінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.