21-22 шілдеде педагогтардың ұлттық біліктілік тестілеуі өтпек

46

21-22 шілдеде өтетін педагогтардың ұлттық біліктілік тестілеуіне өтініш қабылдануда, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.


Тестілеу тек төменде көрсетілген тест тапсыру пунктерінде жүргізіледі. Яғни, осы мекенжайларда ғана тапсыруға болады.

Бұл тестілеуге кімдер қатыса алады:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

- білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

- қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

- педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);

- педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.


Өтініш бос орындар аяқталғанға дейін қабылданады.