Апатты және үш аусымды мектептер қашан жойылады?

2 545

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев апатты жағдайдағы және үш аусымды мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда еліміздің қалалары мен ауылдарында қанша оқушыға орын тапшы? Оны шешу үшін қандай жүйелі шаралар қабылдануда? деп сұрақ қойды сенат депутаты Оқу-ағарту министріне.


Қабылданып жатқан жүйелі шаралардың негізінде үш аусымды және апатты мектептердің мәселесі шешіліп келе жатыр. Биылдың өзінде 132 мың оқушы орнына арналған 154 мектеп салынды. Соның нәтижесінде 12 апаттық және 29 үш аусымды мектептің мәселелері шешілді, – деді Ғани Бейсембаев.


Министр оқушы орнының тапшылығы Астана, Алматы, Шымкент және Алматы мен Түркістан облыстарында бар екенін айтады. 


Бейсембаевтың дерегінше, елде 52 апатты мектеп, 132 үш аусымды мектеп бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.