ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

2 528

gov.kzҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Азаматтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелері бойынша сұрақтар қойды.


Наталья Жұмаділдаева барлық өтініштерге толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.


Айта кетейік, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 171 қазақстандықтың қатысуымен 40-қа жуық жеке қабылдау өткізілді. Қабылдаулар Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс мекен-жайында орналасқан арнайы Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі министрліктің ресми-сайтында қолжетімді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.