Еліміздің екі ЖОО-да Цифрлық университет жобасы енгізіледі

503
Қазақстанда келер жылы екі ЖОО-да Цифрлық университет жобасы енгізіледі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Цифрлық университет» атты үлкен пилоттық жобаны іске қосып жатырмыз. Ол үшін екі университетті таңдадық. Оның біреуі – ұлттық, екіншісі – аймақтық деңгейде. Ұлттық жоғары оқу орындарынан Қ. Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті, аймақтық жоғары оқу орындарынан Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті таңдалды. Цифрлық даму министрлігінің көмегі арқылы біз әлемдік тәжірибеде бар жаңалықтарды сынап көргіміз келеді. Жақын арада оның жобасын ұсынамыз. Бастаманы алғашқы кезеңде пилоттық режимде іске қосуды ұйғардық», - деді министр тілші сауалына орай.

Ілкі жоба 2023 жылы басталып, бір жыл бойы жүргізіледі. Тиісінше, келер жылдың қаңтарында оны іске асыру бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен жеке келісімге қол қою жоспарланып отыр.

«Цифрлық университет» жобасы білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелеген білім беру салалары бойынша курстар мен жаңа форматтарды енгізуді көздейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.