1 студентке 912 мың теңге: кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативі қабылданды

2 207

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есе артады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Үкімет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.

"Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңге болған, енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.", — делінген министрлік хабарламасында.

Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.