2030 жылы мектеп тапшылығы 13 мың орынға жетуі мүмкін

2 584

Фото: https://egemen.kz/Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта Ақмола облысындағы мектеп тапшылығын мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында шешу жоспарланып отырғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Үкімет бұл проблеманы шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін енгізбекші.

"Жүргізілген есеп-қисапқа сәйкес 2030 жылға қарай оқушылар контингенті шамамен 153 мың адамға, ал оқушы орындарының тапшылығы 13 мыңға дейін жетуі ықтимал. Республикалық бюджет қаражаты шектеулі болғандықтан, жобаны қазіргі кезеңде бюджет есебінен іске асыру мүмкін емес. Осыған байланысты мемлекет-жекеменшік әріптестігі балама ретінде қарастырылып отыр. Ол бюджеттен тыс қаржы көздерін тартуға, мемлекет қаражатына түсетін жүктемені азайтуға және жобаны неғұрлым жедел іске асыруға мүмкіндік береді.", - дейді Премьер-министр.