Биыл тұрмысы төмен 75 мың бала колледжде оқуға грант алды

516

Фото:  ҚР Оқу-ағарту министрлігі2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артты. Бұл квота санаттары тізбесін кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Оқуға түскендердің 1101-і - ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер.


Биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінді. Бұл - рекордтық көрсеткіш.


«ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 100% қамтуды жоспарлап отыр. Ал биыл тегін оқығысы келетіндер үшін квоталардың тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасылардың балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебеге үш жылдан кем болмауы керек) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды.
Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Колледждерде жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз
», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.



«Биыл қазақстандық колледждерге барлығы 183 мың қазақстандық жас оқуға түсті. Оқушылардың ең көп таңдаған салалары - құрылыс, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б»,- делінген хабарламада.