Биыл тұрмысы төмен 75 мың бала колледжде оқуға грант алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артты. Бұл квота санаттары тізбесін кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Оқуға түскендердің 1101-і - ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер.
Биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінді. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Колледждерде жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Қаз
Рус






