«Болашақ мамандығың туралы айт» акциясына 4000-нан астам оқушы қатысты
«Менің бауырым» волонтерлік жобасы аясында Алматы қаласында және Алматы, Жетісу облыстарында 4000-нан астам оқушыны қамтыған «Өзіңнің болашақ мамандығың туралы айт» тақырыбында кең ауқымды акция өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Акцияның мақсаты - түрлі қызмет салалары мен мамандық таңдаудағы мүмкіндіктер туралы ақпарат бере отырып, жасөспірімдердің болашақ кәсібің айқындауына көмектесу.
Іс-шара барысында оқушылар үшін консультациялар, интерактивті тренингтер және білім беру ойындары ұйымдастырылды. Бұл шаралар қатысушыларға әртүрлі кәсіптер мен қызмет салалары туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, жаңа оқу жылынан бастап «Менің бауырым» жобасы жас ұрпақ өкілдерін қолдау жөніндегі өз миссиясын жалғастырып, оларға болашақ мамандығын таңдау үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынатын болады.