Қызылордада өткен пәндік олимпиададан «нөл» алған мектептер бар
2 088
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде Қызылорда қалалық білім мекемелерінің білім дәрежесі қатты талқыға түсуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық мектептер арасында жылда өткізілетін кезекті олимпиадасы қалалық білім беру орындарының ең төменгі «0» мен бағаланған бір емес бірнеше мектептерді кезіктіруге болады. Балалардың оқу үлгірімдері екі жылдан бері күрт нашарлады дегеннің дәл өзі. Бәлкім эпидемияның салдарынан ба, не біздің білім ордаларының білім дәрежесінің төмендігі ме, әлде ұстаздарымыздың себебі тиді ме? Олимпиаданың қорытындысы кейбір мектептердің оның ішінде 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ аудандық/қалалық кезеңнің бақылау парағында физика және математика пәні бойынша нөлмен де бағаланғандығын айқын көруге болады.
Саналы да салиқалы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде білім сапасы сын көтере алмай тұрғандай. Дамушы елдердің қазіргі қоғамға керек нағыз пәндердің бір емес бірнешеуінің шорқақтығынан сыр беріп отыр. Білім саласының жіберген салғырттығына білім бөлім басшылығы не дер екен? Осы орайда,
Қызылорда мектеп оқушылары арасында өткен пәндік олимпиаданың қорытындысы жаға ұстатты. Мектептің бетке ұстар озат оқушылары осындай білім деңгейін көрсетсе, нашар оқушының жағдайын тіпті айтпай-ақ белгілі болғандай. Негізі мектептің үлгі тұтар олимпиадаға ұсынылған үміткерлерден ақ оқытушының дәрежесін аңғаруға болатын сыңайлы. Бәлкім оқушы үшін сұрақтары тым күрделі болды ма екен?
Қалай десек те, болары болып, бояуы сіңген олимпиаданың бақылау парағын көріп, баламыздың болашағы үшін алаңдаулы күйде отырған жәйіміз бар дейді ата аналар.
Қоғамда түрлі пікір бар, бірі «шындық осы» десе бірі «карантин салдары шығар» деген болжам жасауда. «Дегенмен мұғалімдердің де білім көрсеткішін осы пәндік олимпиададан-ақ көруге болады» дейді кейбір желі қолданушылары.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

Қызылорда қаласының білім бөлімінің басшысы Баймурзаева Динара Қонақбайқызы: «2021-2022 оқу жылында білім алып жатқан оқушы саны өткен жылмен салыстырғанда 400 оқушыға артып отыр. Үстіміздегі оқу жылында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қатаң санитарлық нормаларды сақтап, офлайн тәртібінде өткізілді. Биылғы жылдың олимпиаданың ерекшелігі «Oqylyq» платформасы арқылы өткізілді. Ең төменгі бағалауды көрсеткен информатика пәнінен бойынша: оқушыларға «СODEFORCES» жүйесі алғаш рет қолданысқа енгізілді. Аталған жүйеде жұмыстар автоманттандырылған программалау тілінде оқытылды. Осыған орай, оқушылар жұмыстарының нәтижесі төмен бағаланып отыр», - деді.
Қызылорда мектеп оқушылары арасында өткен пәндік олимпиаданың қорытындысы жаға ұстатты. Мектептің бетке ұстар озат оқушылары осындай білім деңгейін көрсетсе, нашар оқушының жағдайын тіпті айтпай-ақ белгілі болғандай. Негізі мектептің үлгі тұтар олимпиадаға ұсынылған үміткерлерден ақ оқытушының дәрежесін аңғаруға болатын сыңайлы. Бәлкім оқушы үшін сұрақтары тым күрделі болды ма екен?
«Менің ұлым 9 сынып оқушысы алайда, мына жарияланған қорытындыны көріп шошып түстім. Жасыратыны жоқ, аузым ашылған күйі қалды. Не масқара? Бір мектеп емес, ұзын сонар кесте бойынша 0-мен бағаланғандығы масқара ғой. Алып отырған білім қайда? Ұлдарымыз қыздарымыз озат деп отырсақ шорқақ болып шыққаны ма?»,- деді Асыл Әлиева.