Мұғалімдікті таңдаған студенттер қыркүйектен бастап 60 мың теңге стипендия алады

471

Фото: Kazpravda.kzОңтүстіктен солтүстікке баратын студенттерге 3 653 грант бөлінді. Бұл туралы үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Президент тапсырмасы бойынша батыс және халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары үшін 10 мың грант, «Серпін» жобасына 3 653 грант, шетел азаматтарына 490 грант, оның ішінде 150 грант Орталық Азия елдерінің азаматтарына, 100 орын - Ислам ынтымақтастығы ұйымдары елдерінің азаматтарына қарастырылды», - деді Саясат Нұрбек үкімет отырысында.


Ол республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалғанын мәлім етті. Бұдан басқа, жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейінде стипендия 20% (31 423 теңгеден 36 660 теңгеге дейін) өскен. Оның ішінде педагогикалық бағыттағы студенттер үшін 50 мың теңгеден бастап 58 800 мың теңгеге дейін ұлғайтылған. Магистратура және докторантура  15% (76 950 теңгеден 86 987 теңгеге дейін және тиісінше 172 500 теңгеден 195 000 теңгеге дейін) өскен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.